Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті жыл сайын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша жас ғалымдардың жобаларын қаржыландыруды 3 млрд.теңгеге ұлғайту бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасын іске асыруға кірісті.
Осыған байланысты, жақын арада 35 жасқа дейінгі жас ғалымдар үшін қаржыландыруды бөлу және мақұлдау және жас ғалымдар үшін мамандандырылған ғылыми бағыттарды анықтау бойынша ҰҒК және ЖҒТК отырыстары өткізілетін болады.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Е. Қ. Сағадиевтің тапсырмасы бойынша ҮҒК отырысы онлайн режимде өтетін болады.
