2019 жылғы 25-27 ақпан күндері ҰБО бас директоры Е.М.Раманқұлов Мәскеу қаласында өткен «Биотехнология: жай-күйі және даму перспективалары. Өмір туралы ғылымдар» атты халықаралық конгрестің жұмысында атсалысты.
Аталмыш Конгресс биотехнологияның жай-күйі мен оның даму перспективаларына арналған болатын. Конгресте Ресей Федерациясының 40 субъектілерінен кәсіпорындар мен ұйымдар, алыс және жақын шет елдерден келген өкілдер қатысты. Форум Ресей ӨнеркәсіпсаудаМині, Ресей ЭкономДамуМині, Ресей РФЗҚ, Ғылыми ұйымдарының федералдық агенттігінің (ФАНО), Табиғат пайдалану және қоршаған ортаны қорғау департаментінің, Мәскеудің қаласының ғылым, өнеркәсіптік саясат және кәсіпкерлік департаментінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Негізгі тақырыптық бағыттары:
Биотехнологияның іргелі мәселелері;
Геномдық инженерия;
Биотехнология және медицина;
Биофарма;
Биоинформатика;
Биоэкономика.
Қазақстандық ғалымдардың атынан Е.М.Раманқұлов Халықаралық конгрестің салтанатты ашылуында құттықтау сөз сөйледі. Халықаралық конгресс бағдарламасы шеңберінде, сондай-ақ «Биофарма: Биотехнология мен фармацевтикадағы инновациялық шешімдер» атты халықаралық симпозиум болып өтті, онда «Теңіз кен орындарында мұнай өндірудің биоқауіпсіздігін бағалаудағы заманауи метагеномды тәсілдер»атты баяндамасын таныстырды, өз баяндамасында ол солтүстік Каспийдің микробоценоздарының биологиялық алуантүрлілігін бағалау үшін PhyloChip әдісінің мүмкіндігін пайдаланудың нәтижелерін баяндады. Яғни, аталмыш зерттеулер көрсеткендей, тығыздығы жоғары чиптар антропогендік факторлардың әсерімен судың микробоценозындағы өзгерістерді бағалау үшін сезімтал және жедел аспап екендігі белгілі болды. Сондай –ақ ҰБО-ның мұнай ыдыратқыш микроағзаларға толық геномды секвенирлеу жүргізгендігі туралы деректерді оларға баяндалды.
Халықаралық конгресс бағдарламасы шеңберінде, Е.М.Раманқұлов сондай-ақ Биоэкономика: «Заманауи диагностика мен биотехнологиядағы биоаналитикалық химия» секциясында «Рекомбинантты құрылымдық емес антигендер негізінде аусыл ауруын диагностикалау үшін иммунологиялық тест-жүйелері» атты баяндамасымен сөз сөйледі. Бұл баяндамада ол ауруға шалдыққан жануарлар арасынан вакцинацияланғандарға дифференциалды диагностика жүргізуге мүмкіндік беретін аусыл вирусының құрылымдық емес антигендері негізінде иммуноферменттік және иммунохроматографиялық тестілерді әзірлеу мен оны апробациялау бойынша нәтижелерін бейнеледі.




