Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының ғылым жөніндегі қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар әзірледі

Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының ғылым жөніндегі қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар әзірледі

Ғылым комитеті Ұлттық ғылыми кеңестердің кызметін жетілдіру мақсатында «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулы жобасына, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы жетілдіру мақсатында – «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулы жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізді, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасының өзгерістерге байланысты ««Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысына, сондай-ақ ҰҒК мүшелері бойынша кадрлық өзгерістерге байланысты «Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 шілдедегі № 785 қаулы жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Аталған жобалар бойынша барлық мүдделі тұлғалар ұсыныстарын жібере алады.

Хабарландыруға сілтеме: http://sc.edu.gov.kz/main/announcements/5443/