2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша бағдарламалық-нысаналы және гранттық қаржыландыруға арналған конкурста жеңген субъектілерге

2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша бағдарламалық-нысаналы және гранттық қаржыландыруға арналған конкурста жеңген субъектілерге
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекет Басшысының ғылыми-зерттеу жұмыстарын (бұдан әрі – ҒЗЖ) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап (рестроспективалық) қосылған құн салығынан (бұдан әрі – ҚҚС) босату бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына қол қойғанын хабарлайды. Осыған байланысты біз Сіздедерге ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Келісім-шарттың сомасынан 12% көлемінде ҚҚС ұсталмайтынын хабарлаймыз. ҒЗЖ субъектілері бойынша ҚҚС төлеген жағдайда, 2017 жылдың ;25 желтоқсанындағы № 120-VI Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 48-бабының 10-тармағы бойынша, салықтың және бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық (қате) төленген сомасы, ағымдағы жылғы және алдыңғы күнтізбелік бес жыл ішінде төленген сомалар шегінде есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға жатады, осыған байланысты тұрғылықты орны бойынша салық органына хабарласуға қажет деп санаймыз.