ГЕНЕТИКА - ҰЛТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУШЫ

ГЕНЕТИКА - ҰЛТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУШЫ

2019 жылғы 25-і мен 26 сәуір күндері ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ұлттық биотехнология орталығында Халықаралық ДНҚ күніне арналған «ДНҚ сәйкестендіру: көнеліктен қазіргі заманға» атты халықаралық конференция өтеді.

Жақында Қазақстан Республикасында «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Заң қабылданғаны белгілі, ал былтырғы жылы Үкімет оны жүргізудің ережелерін бекітті, олар 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Конференцияда дактилоскопиялық және геномдық тіркеудің халықаралық практикасынан хабардар ететін баяндамалар ұсынылатын болады, олар: Ұлыбританияда қылмыскерлікпен күресте ДНҚ криминалистиканы пайдалану, сот-сараптамалық сәйкестендіру молекулалық-генетикалық зерттеулер саласындағы Ресейлік сот-медициналық сараптама орталығымен халықаралық ынтымақтастық тәжірибесі, ДНҚ сәйкестендіру мен геномдық тіркеу үшін заманауи әрі тиімді молекулалық әдістер.

Ғалымдар сондай-ақ көне замандағы ДНҚ аясындағы ДНҚ-сәйкестендірудің мүмкіндіктері мен өзекті мәселелерін талқылайды. Алғаш рет Қазақстан аумағында археологиялық олжалардағы ежелгі адам сүйектерінің қалдықтарын ДНҚ сәйкестендіру және қазақтардың этногенезін зерттеп білудегі молекулалық генеалогия бойынша отандық генетиктердің бірлесіп жүргізген зерттеулерінің нәтижелері ұсынылады.

Профессор, конференцияны ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры Ерлан Мирхайдарұлы Раманқұлов: «Осы конференцияда біз жақын арада шешуге тиісті болатын геномдық тіркеуге өтумен байланысты аса маңызды мәселелер мен түйіткілдерді ДНҚ-сәйкестендіру саласының белгілі ғалымдарымен срапшы-генетиктерімен бірге талқылау үшін бірегей ғылыми алаң орнаттық. Келешекте Қазақстан жалпыұлттық генетикалық паспорттауға және ұлттық биобанк құруға қарай бет алуы тиіс. Мұндай бастамалар дүнежүзі бойынша тез іске асырылуда. Мәселен, Ресей, президент жарлығына сәйкес ендігі 2025 жылдан бастап өз азаматтарына генетикалық паспорт беруді жоспарлап отыр. Бүгінгі күні генетикалық зерттеулер алдыңғы қатарлы елдерде медициналық практиканың ажырамас бөлшегіне айналған. Генетика шындығында да ұлт қауіпсіздігін қорғап қалушы бола алады және халқымыздың ұлт саулығын жақсарту мен өмір сапасын арттыруға септігін тигізе алады.

Конференцияда Ресей мен Орталық Азия елдерінен келген әйгілі шетелдік ғалымдар, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің Сот сараптама орталығының сарапшы-генетиктері және Қазақстан Республикасының Сот сарапшыларының палаталары атсалысады.