Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті 2021-2023 жылдарға ғылыми журналдарға кешенді қолдау және сүйемелдеу жүйесін таңдау жариялайды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті 2021-2023 жылдарға ғылыми журналдарға кешенді қолдау және сүйемелдеу жүйесін таңдау жариялайды.

Конкурсқа қатысу үшін ғылыми журналдарға кешенді қолдау және сүйемелдеу жүйелері бойынша қызмет көрсететін ықтимал өнім беруші ҚР БҒМ Ғылым комитетінің сайтында орналастырылған Техникалық ерекшелікке сәйкес келетін коммерциялық ұсыныстар жіберуі керек, сондай-ақ әр бөлім бойынша қызметтердің құнын бөлек көрсету қажет (1, 20, 40, 50, 100 және 120 журналдар үшін). Сонымен қоса,  растайтын құжаттарды қоса беру қажет: құрылтай құжаттары, басшының бұйрығы, жарғы, мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік, патент және т.б.  

Конкурстық құжаттама және өтінімді дайындау бойынша кеңестерді келесі байланыс нөмірлері арқылы ала аласыз: 8(7172) 74-24-83, 8(7172) 74-24-57.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2021 жылғы 21 маусым мен 2021 жылғы
техспецификация25 маусым аралығында
Нұр-Сұлтан уақытымен сағ.18.00-ге дейін жүргізіледі.

Барлық өтінімдер электронды түрде (PDF және Word–түрлерінде) орыс және/немесе қазақ тілдерінде: b.shamekenov@edu.gov.kz (көшірмесін: d.nurkenova@edu.gov.kz)  электронды мекен-жайына қағаз және электронды тасымалдаушылары (дискі/ USB флешк-сақтау құрылғысында) түрінде Ғылым комитетіне (жапсырылған конвертте) Нұр-Сұлтан қ.,010000, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 11-кіреберіс, Министрліктер үйі мекен-жайына жіберілуі тиіс.

Осы хабарлама қоғамдық оферта болып табылмайды.

1-қосымша: Қазақстан Республикасының ғылыми журналдарына кешенді қолдау және сүйемелдеу жүйесін іріктеу бойынша Техникалық ерекшелік.