Халықаралық ДНҚ күніне арналған «ДНҚ сәйкестендіру: көне заманнан қазіргі заманға» атты халықаралық конференция болып өтті

Халықаралық ДНҚ күніне арналған «ДНҚ сәйкестендіру: көне заманнан қазіргі заманға» атты халықаралық конференция болып өтті

2019 жылғы 25-26 сәуір күндері ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ұлттық биотехнология орталығында Халықаралық ДНҚ күніне арналған «ДНҚ сәйкестендіру: көне заманнан қазіргі заманға» атты халықаралық конференция болып өтті.

Конференцияның мақсаты ДНҚ-сәйкестендіру саласында үш бағыт бойынша өзекті мәселелер мен мүмкіндіктерді талқылау болып табылды:

§ Адам популяцияларының генетикалық тарихын қайта қалпына келтіру;

§ Сот-медициналық сараптамадағы геномдық технологиялар;

§ Популяциялық геномика.

Конференцияда Ұлыбритания, Ресей, Қазақстан мен Тәжікстаннан келген ДНҚ-сәйкестендіру саласындағы 100-ден астам әйгілі шетелдік ғалымдар мен сарапшылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің Сот сараптама орталығының сарапшы-генетиктері, Қазақстан Республикасының Сот сарапшыларының палаталары қатысты.

Конференция жұмысында мынадай университеттердің, ғылыми орталықтардың, коммерциялық компаниялардың ғалымдары мен өкілдері атсалысты:

§ Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Ресей Сот-медициналық сараптама орталығы (Мәскеу қ.);

§ РҒА Н.И. Вавилов атындағы Жалпы генетика институты (Мәскеу қ.);

§ «Мәскеу физико-техникалық институты»;

§ ҚР ӘМ «Сот сараптамалар орталығы»;

§   Сот-медициналық сараптаманың облыстық бюросы (Тюмень қ.);

§ Тәжікстан Республикасының ДСМ Республикалық сот-медициналық сараптама орталығы;

§ Согдий облысының Сот-медициналық сараптама орталығы (Тәжікстан);

§ ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ұлттық биотехнология орталығы;

§ «Назарбаев университеті»ААҚ;

§ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;

§ РГП "Национальный центр общественного здравоохранения";

§ ҚР ДСМ "Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы" РМК;

§ ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Республикалық микроағзалар коллекциясы» РМК;

§ ҚР Ұлттық мұражайының «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты;

§   Қазақстан Республикасының Сот сарапшыларының республикалық палатасы;

§   ҚР БҒМ Ғылым комитетінің " Жалпы генетика және цитология институты" РМК (Алматы қ.);

§   «Микробиология және вирусология» ҒӨО (Алматы қ.);

§   М.С. Нарықбаев атындағы ҚАЗГЗУ университеті;

§   «Қарағанды медицина университеті» ҰАҚ;;

§   «Астана медицина университеті» ҰАҚ;

§   Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;

§   С.Сейфулин атындағы Қазақ агротехникалық университеті;

§   Үйлесiм психология орталығы (Нұр-Сұлтан қ.);

§   "Вusiness Certificftion Centre" ЖШС-ң МЖ СРО (Нұр-Сұлтан қ.);

§   " Генетика орталығы.kz" ЖШС (Қарағанды қ.);

§   "In-Vitro+" КДЕ (Семей қ.);

§   "TreeGene" ЖШС (Алматы қ.);

§   "Ниармедик Плюс" АҚБ компаниясы (Мәскеу қ.);

§   "Медикал Геномикс"АҚБ (Тверь қ.);

§   " Zalma Ltd." ЖШС (Алматы қ.);

§   QIAGEN (Мәскеу қ.).

Конференцияда дактилоскопиялық және геномдық тіркеудің халықаралық практикасынан хабардар ететін баяндамалар ұсынылды, олар: Ұлыбританияда қылмыскерлікпен күресте ДНҚ криминалистиканы пайдалану, сот-сараптамалық сәйкестендіру молекулалық-генетикалық зерттеулер саласындағы Ресейлік сот-медициналық сараптама орталығымен халықаралық ынтымақтастық тәжірибесі, ДНҚ сәйкестендіру мен геномдық тіркеу үшін заманауи әрі тиімді молекулалық әдістер.

Конференцияда көне замандағы ДНҚ аясындағы ДНҚ-сәйкестендірудің өзекті мәселелері мен мүмкіндіктері талқыланды. Алғаш рет Қазақстан аумағында археологиялық олжалардағы ежелгі адам сүйектерінің қалдықтарын ДНҚ сәйкестендіру және қазақтардың этногенезін зерттеп білудегі молекулалық генеалогия бойынша отандық генетиктердің бірлесіп жүргізген зерттеулерінің нәтижелері ұсынылды.