Қ.И. Сәтбаевтың арналған Еске алу кеші өтті

Қ.И. Сәтбаевтың арналған Еске алу кеші өтті

2019 жылдың 21 мамырында сағат 17.00 Нұр-Сұлтан қаласындағы Ресей Ғылым және мәдениет орталығында Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті, ұлы ғалым және қоғам қайраткері, Лениндік және КСРО мемлекеттік сыйлықтарының иегері Қ.И. Сәтбаевтың 120 – жылдығына арналған Еске алу кеші және көрме болып өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Нұр-Сұлтан қаласындағы Ресей Ғылым және мәдениет орталығы мен Академик Қ.И.Сәтбаевтың мемориалдық музейі.

Ұлы ғалымды еске алу кешін Қазақстан Республикасындағы «Россотрудничество» басшысы К.П. Воробьев құттықтау сөзбен ашты. Содан соң ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму Комитетінің хатшысы, депутат Б.Б. Мамраев, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Кеңесшісі Мусиенко А.А., ҚР БҒМ ҒК төрағасының орынбасары Е.Т. Садықов құттықтау сөздерін сөйледі.

Ұлы ғалым туралы ой-пікірлері туралы тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кеңесінің мүшесі, БҒМ ҒК Қазақстан мемлекеті тарихы ғылыми-зерттеу институтының директоры Аяған Б.Г., ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қабылдинов З.Е., ҚР БҒМ ҒК Академик Қ.И.Сәтбаевтың мемориалдық музейінің басшысы, ҚР қайраткері Бақытжамал Айтмухамбетова, Томск политехникалық университеті музейлер кешенінің ғылыми қызметкері Вадим Лобанов және т.б. жалғастырды.

Іс-шара шеңберінде Академик Қ.И.Сәтбаевтың наградалары, фотоқұжаттар қойылған мемориалдық музейінің көрмесі, ұлы ғалымның өмірі мен ғылыми мұрасы жайында деректі фильм көрсетіліп, шағын концерттік бағдарлама болды.

Сонымен қатар, Халықаралық музейлер күніне орайластырып 18мамыр күні Мемориалдық музей мен Қ. Сәтбаевқа альма-матер болып табылатын -Томск университеті музейі арасында телекөпір ұйымдастырылды.