
Ағымдағы жылдың 22 мамырда ҚР Білім және ғылым министрі К. Н. Шәмшидинова Министрлік ұжымына Ғылым комитетінің төрайымы Анар Сайранқызы Абылқасованы таныстырып, жаңа қызметте жемісті еңбек тіледі.
Анара Сайранқызы Абылқасова 1976 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған.
1997 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Қарағанды мемлекеттік университеті, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттерінде қызметтер атқарды.
2011 жылдан 2018 жылға дейін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің философиялық, әлеуметтану және саясаттану бойынша Сараптамалық кеңестің төрайымы болды.
2010 жылдан бері Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Талдау бөлімі секторының меңгерушісі қызметін атқарды.
Саяси ғылымдарының докторы болып табылады.