
2019 жылғы 23 мамырдағы Жастар жылы аясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Жас ғалымдардың республикалық конгресі өтті.
Конгресте Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарының 160 жас ғылыми қызметкерлері қатысты.
Конгрестің негізгі міндеттері әлемдік саяси, техникалық-экономикалық мәселелер контекстіндегі жаһандық сын-қатерлер мәселелерін қарастыру, жас ғалымдарды белсенді тарту арқылы ел дамуының инновациялық жолдарын кеңейту, қазақстандық ғылымның қазіргі заманғы сын-қатерлерін талқылау, отандық ғылым алдына мемлекет қойған міндеттерді шешу мақсатында күш-жігерді шоғырландыру, жастар коммуникациялық алаңдарын дамыту, тәжірибе алмасудың тиімділігін арттыру, жас ғалымдардың өзекті идеяларымен алмасу, еліміздің Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған міндеттерді шешуде даму векторларын анықтап, Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруі үшін тиімді стратегия құру болып табылады.
Конгресте қатысушылар ғылым саласын одан әрі жаңғырту, ғылыми-техникалық зерттеулерді коммерцияландыру, зертханаларды, зерттеу институттарын материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды.