2019 жылғы 29 мамырдағы ҚР БҒМ бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің ұлттық бюросында (бұдан әрі-МҚІСҚА) ҚР БҒМ Ғылым комитеті қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау бойынша ағымдағы жылдың басында өткен Кеңестің аралық қорытындыларын талқылау бойынша кездесу өтті. Аталған кеңесте бойынша ұлттық ғылыми кеңестердің қызметінде ғылыми жобаларды қаржыландыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.
Іс-шараға МҚІСҚА төрағасының орынбасары Олжас Бектенов, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова, Ғылым комитетінің төрағасы Анара Абулкасова және ғылыми қоғам өкілдері қатысты.
Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова өзінің кіріспе сөзінде қазақстандың ғылымды жетілдіру бойынша сындарлы диалогқа ҚР БҒМ дайын екендігін атап өтті.
Кездесудің қатысушыларына ҰҒҚ қызметі, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу, ғылымды қаржыландыру ережелерін реттейтін нормативті-құқықтық актілерге енгізілетін негізгі өзгерістер ұсынылды.
Қорытынды бойынша МҚІСҚА төрағасының орынбасары Олжас Бектенов ҚР БҒМ жүргізілген маңызды жұмысты атап өтіп, Ғылым комитетіне барлық мүдделі тұлғалармен сындарлы диалогты орнату қажеттілігін атап өтті.