2019 жылғы 31 мамырда Ашхабадта (Түркіменстан) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (бұдан әрі – ТМД) қатысушы мемлекеттердің Үкімет Басшылары кеңесінің отырыс өтті.
Отырысқа Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин, Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Д.Медведев, Беларусь Премьер-Министрі С.Румас, Әзербайжан Премьер-Министрі Н. Мамедов, Тәжікстан Премьер-Министрі К. Расулзода, Өзбекстан Премьер-Министрі А. Арипов, Армения вице-премьері М. Григорян, Қырғызстан вице-премьері Ж. Разаков қатысты.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы екіжақты қатынастар тұрақты түрде дамып жатқанын атап өтті.
Отырыстың басты тақырыптары инновациялық ынтымақтастықты дамыту, зияткерлік меншік нысандарының құқығын қорғау, көлік-логистикалық және туристік салаларда өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру, цифрлық экономиканы дамыту, ғарыш саласында жобаларды іске асыру болды.
ТМД Үкіметтері басшыларының кеңесі отырысының қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға, оның ішінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің іргелі зерттеулер саласында мемлекетаралық қатынастарды үйлестіру туралы Келісімге қол қойылды.
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің іргелі зерттеулер саласында мемлекетаралық қатынастарды үйлестіру туралы Келісім «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңына сәйкес әзірленді және ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Басшылары Кеңесінің 2007 жылғы 5 қазандағы шешімімен мақұлданған ТМД-ны одан әрі дамыту Тұжырымдамасы және 2011 жылғы 19 мамырдағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің іргелі ғылым саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесін құру туралы Келісім шеңберінде Қазақстанның ТМД-ға қатысушы мемлекет ретінде экономикалық әлеуетін дамыту үшін іргелі зерттеулер саласындағы ТМД-ға қатысушы елдердің қызметін үйлестірудің артықшылықтарын
