2019 жылғы 3-7 маусым аралығында ҚР БҒМ Ғылым комитетінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында және Ұлттық биотехнология орталығында ғылыми ұйымдардың басшыларына арналған «Трансформациялық көшбасшылық» тақырыбында бірқатар тренингтер, стратегиялық сессиялар, интерактивті пікірталастар және жобалық топтарда жұмыс жүргізіледі.
Іс-шараның мақсаты ғылыми саланы трансформациялау үшін басшылардың кәсіби дағдылары мен құзыреттіліктерін дамыту және ғылыми ұйымдарда ұйымдастыру мәдениетінің редизайнын дамыту болып табылады.
Ғылыми ұйымдардың басшылары, ҚР мемлекеттік органдары мен ҚР Президентінің Әкімшілігі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдері, ҚР жоғары оқу орындарының ректорлары, ҚР БҒМ ҒК өкілдері баяндамалар және презентациялар жасайды.
Презентациялар мен баяндамаларға сілтеме:
https://drive.google.com/drive/u/0/folders/1UGN2TbMMB4h7mH1qlfA1vB3a0J2iVLB5