
ҚР БҒМ ҒҚ «Ұлттық биотехнология орталығының» Адам генетикасы зертханасының меңгерушісі Жабағин Мақсат Қизатұлы үздік ғылыми жұмыстар үшін Ресей ғылым академиясының жас ғалымдар сыйлығына лайықталды.
Биология ғылымдарының кандидаттары Жабағин Мақсат Қизатұлы және Агджоян Анастасия Торосовна (Н.И. Вавилов атындағы жалпы генетика институт, Ғылымның Федералды мемлекеттік бюджеттік мекемесі) «Крымнан Орталық Азияға дейн: Еуразияның аз зерттелген түркі тілдес халықтарының тектік қорын зерттеу» атты жұмыс топтамалары үшін жалпы биология саласындағы Ресей ғылым академиясының премиясымен сыйлығына лайықталды.
Ресей ғылым академиясының жас ғалымдарға арналған премиясы бар сыйлығын алуға арналған конкурсы дарынды жас зерттеушілерді анықтау, жас ғалымдардың кәсіби өсуіне көмектесу, жас ғалымдардың ықыласын ынталандыру мақсатымен 2000 жылдан бастап өткізіліп келе жатыр. Жылда конкурсқа Ресейдің барлық аймақтарынан жас ғалымдардың 19 ғылыми бағыттары бойынша ғылыми жұмыстары ұсынылады.
Жабағин Мақсат Қизатұлы М.В. Ломоносов атындағы мемлекеттік университетінің және Н.И.Вавилов атындағы жалпы генетика институтының түлегі, Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясының, жас ғалымдарға арналған Назарбаев Университетінің «Талап» стипендиясының иегері. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының, жаратылыстану ғылымдары саласындағы жас ғалымдарға арналған үздік жұмыстар үшін Д.А. Қонаев атындағы сыйлығының лауреаты.
https://www.poisknews.ru/wp-content/uploads/2019/05/POISK_18-19_20190510.pdf