2019 жылғы 3-5 маусым күндері Минск қаласында өткен «Микробтық биотехнологиялар: іргелі және қолданбалы аспектілер» атты XI-ншы халықаралық ғылыми конференция жұмысына ҚР БҒМ ҒК «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК (ҰБО) бас директорының орынбасары Қасым Қасенұлы Мұқанов қатысты.
Конференция ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің қажеттілігі үшін әзірленген биотехнологиялар мен озық үлгілі биотехнологиялық өнімдердің жай-күйі мен оларды дамытудың перспективаларына арналған болатын.
Конференцияда Беларусь Республикасының 20 ғылыми ұйымдары мен университеттері, Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы, Латвия, Өзбекстан және өзге де елдерден келген өкілдер қатысты. Конференцияны Беларусь Ұлттық ғылым академиясы, «Химиялық синтез және биотехнологиялар» МҒӨО, Беларусь ҰҒА Микробиология институты, Беларусия микробиологтар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған.
Конференцияның ғылыми бағыттарының тақырыбы:
1. Физиология, биохимия және микроағзалар генетикасы.
2. Биологиялық белсенді қосылыстардың микробтық синтезі. Микроағзалардың гендік-инженерлік құрылымы. Микроағзалар коллекциясы.
3. Ауыл шаруашылығы үшін биотехнологиялар.
4. Медицина мен өреркәсіптер үшін биотехнологиялар.
5. Табиғат қорғаудағы биотехнологиялар.
Конференция аясында ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және басқа да салалардың қажеттілігі үшін әлемдік деңгейдегі озық үлгілі әзірлемелерді таныстыру мақсатында биотехнологиялық кәсіпорындар өнімдерінің көрмесі болып өтті.
«Микробтық биотехнологиялар: іргелі және қолданбалы аспектілер» атты XI-ншы халықаралық ғылыми конференцияның бағдарламасы аясында Қ.Қ.Мұқанов «Ауыл шаруашылығы мен табиғатты қорғаудағы биотехнологиялар» туралы секциялық отырысында «Фитаза» жемдік қоспасын пилоттық өндірісін ұйымдастыру» тақырыбындағы баяндамамен сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында құс шаруашылығында пайдалану үшін «Фитаза» құрғақ ферменттік жемдік қоспасына қол жеткізудің технологиялық платформасын әзірлеу бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелерін айтып берді. Технология «Фитаза» ферментінің продуценті ретінде Pichia pastoris метилотрофтық ашытқыларды пайдалануға негізделген.
