«Трансформациялық көшбасшылық» тақырыбында семинар өтті

«Трансформациялық көшбасшылық» тақырыбында семинар өтті

2019 жылғы 3-7 маусым аралығында ҚР БҒМ Ғылым комитетінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында және Ұлттық биотехнология орталығында ғылыми ұйымдардың басшыларына арналған «Трансформациялық көшбасшылық» тақырыбында семинар өтті.

Семинар бірқатар тренингтерден, стратегиялық сессиялардан, интерактивті пікірталастардан және жобалық топтар жұмыстардан тұрды.

Іс-шараның мақсаты ғылыми саланы трансформациялау үшін басшылардың кәсіби дағдылары мен құзыреттіліктерін дамыту және ғылыми ұйымдарда ұйымдастыру мәдениетінің редизайнын дамыту болып табылады.

Ғылыми ұйымдардың басшылары баяндамаларын жасады, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова мен ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Анара Әбілқасованың қатысуымен ғылыми ұйымдарын трансформациялау бойынша іс-қимыл жоспарларын ұсынды.