
«Балаларға арналған Ғылым» - бұл мектеп оқушылары арасында ғылымды танымал етуге бағытталған жазғы мектеп.
Мектептің құрамына дарынды балалармен жұмыс жасаудың бірегей түрі, интенсивті оқыту және зияткерлік демалыс кіреді.
Іс-шараға қатысу үшін 2019 жылдың 17 маусымы сағат 21.00 (GMT+6) -ге дейін. мына сайтта тіркелу қажет: www.naukadetyam.kz. Барлық тіркеу процесі тікелей желіде өтеді.
Жазғы мектепке іріктеу «РФМШ» КЕАҚ базасында күндізгі нысан түрінде жүргізіледі.
Пән: Математика
Ұзақтығы: 120 мин
Есептер саны: 50
8-10 сыныптар
Іріктеу күні: 20 маусым 2019 жыл
Іріктеу уақыты-10: 00
Олимпиада тілі: қазақ, орыс (өз таңдауынша)
Өтетін орны: Қазақстан Республикасы Алматы қ., Бұхар Жырау бульвары 36, Республикалық физика-математикалық мектеп.
Іріктеуге қатысу үшін төлем: тегін.
Шығындар: Қатысушылардың жолақысы, тұртын жері және тамақтануы жіберуші тараптың қаражаты есебінен өтеледі.
Қандай да бір себептермен тіркелмеген оқушылар іріктеуге қатыса алмайды.
Нәтижелер 24 маусым 2019 жылы белгілі болады.
Қатысушылар өзімен бірге: жазу керек-жарақтары (қалам, қарындаштар), қажет болған жағдайда кішігірім тісбасар тамақ болуы тиіс.
Қатысушыларға өзімен бірге кез келген түрдегі электрондық құрылғылар, оның ішінде калькуляторлар, смартфондар, смарт-сағаттар және т. б. алып кіруге тыйым салынады.
Үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар 2019 жылғы 10 шілдеден 2 тамыз аралығында өтетін «Балаларға ғылым» жазғы мектебіне қатысу грантына ие болады.
Барлық сұрақтар бойынша афишада көрсетілген нөмірлер бойынша хабарласуға болады.