2019 жылы 16 шілдесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институтында "Ғылыми сыйымды экономика және Индустрия 4.0: трендтер, болжамдар және даму перспективалары" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында республиканың ғылыми қоғамдастығының алдында тұрған көптеген мәселелер талқыланды:
1.Қазақстандағы ғылыми әзірлемелерді коммерцияландырудың мүмкіндіктері мен мәселелері;
2. 3.0 және 4.0 индустрия мәселелері;
3. Үлкен деректер негізінде предиктивті аналитиканы құру тәсілдері;
4. ЕАЭО жағдайында экономиканы цифрландырудың басым бағыттары;
5. Экономикадағы робототехника;
6. Инерциалды-спутниктік навигациялық жүйелердің дәлдігін арттыру әдістері мен алгоритмдерін әзірлеу.
Дөңгелек үстел жұмысына отандық ғалымдар, ЖОО қызметкерлері және бизнес өкілдері қатысты.







