Технологиялық стартаптарды ынталандыру және шағын-орта бизнестің инновациялық компанияларын дамыту мақсатында "Ғылым қоры" АҚ кезекті бизнес-акселерацияға өтінімдер қабылдаудың басталғанын жариялайды

Технологиялық стартаптарды ынталандыру және шағын-орта бизнестің инновациялық компанияларын дамыту мақсатында "Ғылым қоры" АҚ  кезекті бизнес-акселерацияға өтінімдер қабылдаудың басталғанын жариялайды
Стартаптардың, кәсіпкерлер мен ғалымдардың назарына!
 
Технологиялық стартаптарды ынталандыру және шағын-орта бизнестің инновациялық компанияларын дамыту мақсатында "Ғылым қоры" АҚ (бұдан әрі – Қор) кезекті бизнес-акселерацияға өтінімдер қабылдаудың басталғанын жариялайды. Бизнес-акселерация бағдарламасы шеңберінде инвестициялар тарту мақсатында қатысушылардың жобалары дайындықтан өтеді. Қабылдау мерзімі - 20 наурызға дейін.
 
Бизнес акселерация бағдарламасы келесі кезеңдерді қамтиды:
 
1. Акселерациялық кезең
1) маркетинг және нарықты талдау, қаржы және құқықтық мәселелер, бизнес-жоспарды құру бойынша тренингтер өткізу;
2) жобаның қаржылық моделін және бизнес-жоспарды жасау бойынша бизнес-тренерлердің қатысушылармен жеке жұмысы;
3) инвесторларға өз бизнес-идеясын таныстыру өнері және тартымды презентация жасау бойынша тренинг өткізу.
Акселерациялық кезең шеңберіндегі барлық іс-шаралар ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта өтетін болады
2. Әрбір жоба бойынша инвесторды іздеу
1) инвесторлар мен бизнес-періштелер алдында жобалардың тұсаукесерлерін өткізу (Speed Dating, Demo Day, Invest Day)
2) Бағдарламаға қатысушылардың мүдделі инвесторлармен жеке кездесулерін ұйымдастыру
Жобаларға қойылатын негізгі талаптар:
1. Жаңашылдық және өзіндік ерекшелік;
2. Инвестиция көлемі: 50 млн. теңгеден аспайды.
Қызығушылық танытқан жағдайда келесі сілтеме бойынша өтінім бере аласыздар https://docs.google.com/.../1FAIpQLSeFuMNTqkq.../viewform...
Сұрақтар туындаған жағдайда 87777567744 нөмірі бойынша хабарласа аласыз (Дана Есмұханова – Инвестициялар және жаңа жобалар департаментінің менеджері)