Анар Фазылжан: Жаңа әліпби заман талабына толығымен жауап береді

Анар Фазылжан: Жаңа әліпби заман талабына толығымен жауап береді

Анар Фазылжан: Жаңа әліпби заман талабына толығымен жауап береді

Қазақстан тәуелсіздігін алған күннен бастап, кирилл қарпіне негізделген әліпбиін латын негізді әліпбиге ауыстыру туралы әңгіме күн тәртібіне шықты. Бірақ әлі күнге дейін бір шешімге келе алмадық. Жақында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жаңа әліпби нұсқасын ұсынды. Жаңа нұсқа қоғамда әлі күнге дейін талқыланып жатыр. Бұл нұсқаны сынағандар да, құптағандар да баршылық. “Мінбер” сайты бұған дейін қоғамдағы пікірлердің біразын жариялаған еді. Бұл пікірлерге жауап ретінде бүгін Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжан ханымның сұхбатын жариялауды жөн көріп отырмыз.
Анар ханым, қазақ халқы ХХ ғасырдың басында үш әліпби ауыстырды. Енді тағы бір мәрте ауыстырамыз дегелі біраз болды. Жалпы бізге әліпбиді ауыстырудың қажеті бар ма?
– Егер халықтың тарихы тіл арқылы эволюциялық жолмен өзгеріске ұшыраған болса бұл мәселені тіл ғалымдары көтермес еді. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты құрылғаннан бері тіл ғылымының негізгі көздегені де, мақсаты да осы қазақ тілінің жай күйін барлап, қадағалап ондағы болып жатқан тенденцияларды тіркеп, тілдің дамуы үшін қажетті дүниені нормаға енгізіп, қажетсіз дүниені тіркемейді. Бұл дегеніміз кейде тілде де керек емес сөздер болады. Солардың дұрыс емес екендігін айқындап қате екендігін көрсетіп отырады. Кезінде Кеңес Үкіметінің қол астында болғанда бізді мәжбүрлі түрде кириллицаға ауыстырды. Тәуелсіздік алған кейін, 90 жылдардағы қазақ тілінің ахуалын саралаған ғалым, академик біздің Әбдуали Қайдар ағайымыз осы мәселені көтерді. Неге көтерді? Себебі қазақ тілінің орфографиялық сөздігіндегі 5 мыңнан астам сөз қазақ тілінің орфограммасы негізінде жазылмаған. Бірақ қазақ тілінің орфографиялық сөздігі деп аталады. Сай емес сөздер – орыс тілінен өзгертілмей алынған сөздер. Мысалы кабина, кабель, кабинет, каратэ деген сөздерді жазу үшін кішкентай бүлдіршіндеріміз орыс тілінің емле-ережелерін білуге тиіс және мәжбүр. Ал 90 жылдары осы латынға көшу туралы мәселені көтерген ғалымдар жаңағы айтып өткен кирилицаның басы артық таңбаларынан арылсақ деді. Егер латынға көшсек сіз қаласаңыз да, қаламасаңыз да, шет тілінен енген сөзді қазақ тілі сөзінінің тұрқына ұқсатып жазуға жол ашылады.

https://www.minber.kz/2021/02/anar-fazylzhan-zhanga-alipbi-zaman-talabyna-tolygymen-zhauap-beredi/