Экономикалық зерттеулер институты «Жас Зерттеуші» Конкурсына қатысу үшін өтінім беру мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды

Экономикалық зерттеулер институты «Жас Зерттеуші» Конкурсына қатысу үшін өтінім беру мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды

 Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды 2021 жылдың 20 сәүіріне дейін  тапсыру қажет.

«Ортақ іс-Ортақ мақсат - Қазақстанның көркеюі» зияткерлік онлайн – жобасы - бұл өз білімдері мен талдамалық дағдыларының жиынтығын толықтыру, экономика бойынша онлайн-курстарда оқудан өту, сондай-ақ Институт сарапшыларымен бірлесіп ғылыми зерттеу жүргізу мүмкіндігі.

Жоба шеңберінде 3-4 курс студенттері, экономика және қаржы мамандықтарының магистранттары, сондай-ақ 29 жасқа дейінгі магистрлер үшін «Жас зерттеуші» республикалық конкурсы өткізіледі.

Конкурстың негізгі талабы – болжамды ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде көлемі 1000 баспа белгісінен аспайтын эссе жазу. Эссе зерттеу тақырыбының өзектілігін; автордың таңдалған тақырып бойынша жұмыс гипотезасын; ағымдағы жағдайды талдауды; қорытындылар мен ұсыныстарды көрсетуі тиіс.

Толығырақ ақпарат және конкурстық құжаттама Экономикалық зерттеулер институтының сайтында мына сілтеме бойынша орналастырылған: http://economy.kz/ru/.