Мемлекеттегі əлеуметтік-саяси үдерістердің қалыптасуында қоғамдық пікірдің алатын орны зор. Ол өз бойына дəс түрлер мен өмірлік тəжірибені сіңірген əлеуметтік құбылыстардың қатарына жататындықтан, қоғамдық санаға да ықпал ете алады. Бұл институттың саяси процестерді заңдастырудағы маңызы да үлкен.
Қоғамдық пікір көпшілік жағдайда қоғамның билікке деген сенімінің деңгейімен айқындалады. Ендеше, ол – қандайда бір көзқарасты сараптау, сынау, қабылдамау немесе ұсыныс енгізу түрінде жария ету деген сөз. Ол сонысымен құнды.
Саяси сенім қоғамның жалпы мемлекеттік саясатқа деген сенімін білдіреді. Қазір ел халқының үштен бірі қоғамда өзгерістердің қажеттілігін талап етіп отырған кезде кез келген реформаның халықтың мүддесімен үйлесімді іске асырылғаны абзал. Сондықтан елімізде жүргізіліп жатқан модернизациялау үдерісі бір мезгілде конституциялық реформаны, экономикалық қайта құру мен қоғамдық сананы жаңғыртуды қамтығандықтан, оның нəтижелілігін тұрғындар реформалардың жергілікті жерлерде дұрыс орындалуымен байланыстыратыны сөзсіз.
Осы орайда қолға алынған қайта құрулар ды қалай болғанда да мемлекет жəне билік тің басқару органдары жүргізетінін ескере сөйлесек, əлемдік дамудың жаңа жəне өте күрделі кезеңінде елді дамытудың жаңа моделіне көшу мақсаты өте өзекті мəселеге айналып отыр. Сондықтан ең алдымен басқару жүйесін өзгерту жəне оның тиімділігін арттыру маңызды. Ол үшін, əрине, басқарудың барлық деңгейінде шешім қабылдау нақты нəтижеге бағдарлануына, оның сапалық көрсеткіштеріне үлкен мəн беруге күш салған абзал. Ол үшін міндетті түрде қоғамдық пікірді ескеріп, оны əлеуметтік басқарудың тұрақты факторына айналдыру өзекті болмақ. Бұл жерде аймақтық элитаның алдында орталық деңгейде қабылданған стратегиялық шешімдерді жергілікті жерге бейімдеп, оны тиімді іске асыру міндеті тұрғанын да ұмытпа ған жөн.
Қоғамдық пікірге сүйенер болсақ, мемлекет тік қызмет жүйесін реформалау тия нақты дайындықсыз жүргізіліп жатқан қайта құрулар дың қатарына жатады. Оған ай мақ тардағы тұрғындардың жергілікті мем ле кеттік басқару органдарына деген сенім сіздіктерінің жоғары деңгейі дəлел бола алады. Сондықтан болар, реформалар үдерісіне халық шешім қабылдау деңгейінде қатысқысы келеді. Яғни олар реформа барысында оның объектісі ғана болмай, оның белсенді субъектілері де болғысы келеді. Өйткені қайта құруларға деген оң көзқарастарға қарамастан, азаматтардың оны іске асырудың формасына көңілдері көншір емес. Мұның басты себебіне тұрғындарды ең алдымен толғандыратын өзекті мəселелердің шешілмей жатқандығын жатқызу керек. Егер халықтың күнделікті қажеттіліктері мен сұраныстары біржолата шешімін таппай жатса, олардың келесі «қайта құруға» деген көзқарасы оңайшылықпен өзгере қоймас. Өйткені тұрғындардың бетін бері қарататын, көзге көрінетін, оның көңілін жұбататын, жылдан-жылға қайталанып отыратын құрғақ уəдеден басқа нақты нəтиже жетіспей тұр. Дəл сол нақты жəне сапалы нəтиже ғана адамдардың өзін өзі əлеуметтік тұрғыда жақсы сезінуіне, өзінің материалдық жағдайымен қанағаттануына жəне оның бойына əлеуметтік оптимизмнің ұялауына мүмкіндік туғыза алады. Ол сонда ғана ашықтық танытып, өзіне жауапкершілік алып, мемлекетке аузын ашып қарап отырмай, өз тағдырына өзі жауап бере бастайды. Ал керісінше болса, мұндай жағдайда мемлекеттік идеология да қауқарсыз жəне өтімсіз болып қала бермек. Онда халық та өзгермейді жəне ол күнделікті күйбеңінен əрі аса алмайды. Оған үшінші модернизация ма, əлде рухани жаңғыру ма бəрібір. Бір анығы – елдегі қайта құру үдерістеріне ол енді қатыспай, бəріне немқұрайды қарап, тіптен оны қабылдай қоюы да неғайбыл. Өкінішке қарай, қазір тұрғындардың бір бөлігі модернизациялау саясатының идеясы мен мақcаттарынан бейхабар. Бұл жағдайдың мемлекеттік билікке абырой əпермесі түсінікті.
Қоғамдық пікір – халық үні. Оған құлақ түріп, шенеуніктер жұрттың айтқанын теріске шығарып əлек болмай-ақ, бар кемшілікті нақты іспен түзетуге күш салуы керек. Барлық жұмысты осы бағытта өрбітудің қамын жасаған жөн. Ол үшін мемлекеттік қызметшілер тұрғындар алдында моральдық беделі мен жұмысы, күнделікті іс-əрекетімен халықтың көңіліне сенім ұялатуы шарт. Сонда ғана олар елдегі модернизациялау үдерісіне назар аударып, іске асырылып жатқан қайта құрулар мен жаңғыртулардың басты мақсаты саналатын ұлттық бірлікті нығайту, ұлттың рухани жаңғыруын қамтамасыз ету ісіне үлес қоса алады.
Жапсарбай ҚУАНЫШЕВ,
қоғам қайраткері, саясаттанушы