Құрметті гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша ғылыми жобалар мен бағдарламаларды орындаушылар!

Құрметті гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша ғылыми жобалар мен бағдарламаларды орындаушылар!

ҚР БҒМ Ғылым комитеті гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми жобалар мен бағдарламалар бойынша орындалған жұмыстардың актілерін (қабылдау кестесі мен актінің нысаны қоса беріледі)  және жобаларға бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есептерді (нысан қоса беріледі) қабылдау туралы хабарлайды.

Актілерді дайындау кезінде келесі сәттерге назар аударуыңызды сұраймыз:

  • шарттың күнтізбелік жоспарына сәйкес жұмыстарды сипаттағаннан кейін нақты орындалған жұмыстарды көрсету қажет;
    • есепті кезеңде алынған зерттеу нәтижелері, жарияланымдардың, патенттердің және т.б. шығыс деректері (авторлар, баспаның атауы, күні, нөмірі, орны, беттер саны), сондай-ақ журналдардың процентилін және импакт-факторын көрсету (бар болған жағдайда).

Бұл ретте, орындалған зерттеулер мен нәтижелер туралы мәліметтер шарттың есепті кезеңдегі бекітілген күнтізбелік жоспарына сәйкес келуі маңызды.

Актілерді алдын ала қарау қоса беріліп отырған кестеге сәйкес мынадай электрондық пошта мекенжайлары арқылы жүзеге асырылатын болады:

s.azambaev@edu.gov.kz – Азамбаев С.Б. 8-7172- 74-20-29;

l.koishygulova@edu.gov.kz – Койшыгулова Л.Р. тел. 8-7172-74-24-68

sa.nurakhmetova@edu.gov.kz – Нурахметова С.А. 8-7172 -74-20-29;

r.elshibekov@edu.gov.kz – Елшибеков Р.Б. 8-7172 -74-19-04;

a.zheksembaeva@edu.gov.kz – Жексембаева А.Ж. 8-7172 -74-20-29;

g.basharova@edu.gov.kz - Башарова Г.Т. 8-7172 - 74-25-88.

g.kuramaeva@edu.gov.kz – Курамаева Г.Н. 8-7172 -74-20-29 (2020 – 2022 жылдарға арналған жас ғалымдар бойынша).

Іске асыру мерзімі 12 ай 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстар бойынша:

a.sembieva@edu.gov.kz – Сембиева А.А. 8-7172-74-24-85; b.sakhariyanova@edu.gov.kz – Сахариянова Б.Т. 8-7172 - 74-24-71;

zh.nauryzbaeva@edu.gov.kz – Наурызбаева Ж.С. 8-7172 - 74-20-89.

 

Сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген электрондық мекенжайларға орындалған жұмыстардың актілерімен бірге Гранттық/бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы аралық немесе қорытынды есептерді ұсыну қажеттігі туралы хабарлаймыз.

Жас ғылымдар конкурсы шеңберінде гранттық қаржыландырудың ғылыми жобаларын, сондай-ақ іске асыру мерзімі 12 және 27 ай (2020 – 2022 жылдарға арналған конкурстар) жобалар бойынша орындаушылар іске асырылатын жобалар бойынша бюджеттік өтінімдерді ұсыну қажет (нысан қоса беріледі).

Бюджеттік өтінімдер Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларының 38-тармағына сәйкес әр жоба бойынша жеке (іске асыру мерзімі 12 ай конкурсы бойынша: 2020 жылға жеке, 2021 жылға жеке; жас ғылымдар конкурсы және іске асыру мерзімі 27 ай конкурсы бойынша: 2020 жылға жеке және 2021-2022 жылдарға жеке), екі данада қағаз тасығышта, ұйымның бірінші басшысы, қаржы қызметінің басшысы және жобаның жетекшісі қол қойған, барлық  растайтын құжаттарымен ұсынылуы тиіс.

Бюджеттік өтінім Ұлттық ғылыми кеңестің шешімімен бекітілген есеп-қисаптарға сәйкес келуі тиіс және міндетті түрде жобаның бюджеті бойынша түсіндірме жазба болуы керектігін атап өтеміз.

Бюджеттік өтінімдердің электрондық нұсқаларын ЖТН көрсете отырып, әр жоба бойынша жалпы көлемі 90 МБ дейін zip папкасында мұрағатталған, PDF форматында сканерленген растаушы құжаттармен Yerkin_sh@mail.ru электрондық мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз.

Кесте

Нысан