2020-2022 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру шеңберіндегі (12 және 27 айлық) аралық есептерді қабылдау туралы хабарландыру

2020-2022 жылдарға арналған  гранттық қаржыландыру шеңберіндегі (12 және 27 айлық) аралық есептерді қабылдау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті іске асырылу мерзімі 12 және 27 айлық 2020-2022 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру шеңберіндегі жобалар бойынша аралық есептерді қабылдау туралы хабарлайды.

«Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік есепке алу қағидаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 149 бұйрығының (өзг. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 262 бұйрығы) қағидасына сәйкес есептерді қабылдау ғылыми жетекшілерінің және ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыру арқылы автоматтандырылған ақпараттық жүйеде (http://is.ncste.kz) электрондық форматта жүзеге асырылады.

         Орындаушылар іске асырылу мерзімі 12 және 27 айлық келісім-шарттар бойынша есептерді а.ж. 4 желтоқсанынан кешіктірмей келесі талаптарға сәйкес өткізуі қажет:

  • Есептерді тапсырғанға дейін Орындаушылар ҚР «Ғылым туралы» Заңының 20-бабына сәйкес жүргізілетін ғылыми зерттеулердің нәтижелілігінің мониторингін жүзеге асыру үшін «ҰМҒТСО» АҚ-ныңnauka.kz сайтында орналастырылған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың тиімділігі туралы сауалнаманы толтыруы қажет (мемлекеттік тіркеуге ұсынар алдында);
  • Есептер ЖМСТ (ГОСТ) 32-2017 талаптарына сәйкес рәсімделуі тиіс (қосымша тіркелген);
  • Есептер ұйымның іліпе хатымен қабылданады;
  • Есептерді тапсыру тілі: мемлекеттік немесе орыс тілі;
  • Есептің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі көлемі (қосымшаларды есепке алмағанда):- гранттық қаржыландыру бойынша – 40 беттен артық емес;
  • 2020-2022 жылдарға арналған Келісім-шарттарға сәйкес күнтізбелік жоспарлардың көшірмелері қоса беріледі;

Сұрақтар бойынша «ҰМҒТСО» АҚ-ның Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз: тел. +7 (727) 378-05-32, +7 (727) 378-05-45, +7 (727) 378-05-20, +7 (727) 378-05-19.

Қосымша