2021-2023 жылдарға арналған жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру конкурсы туралы

2021-2023 жылдарға арналған жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру конкурсы туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті ағымдағы жылдың 27 тамызында 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру конкурсына өтінімдер қабылдаудың аяқталғанын хабарлайды.

Барлығы 548 конкурстық өтінім ұсынылды. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы жүргізген конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін формальды тексеру нәтижелері бойынша 350 өтінім конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп танылды және өтініш берушілерге қайтарылады. 1 өтінім өтініш берушінің бастамасы бойынша қайтарылды. Формальды тексеру кезеңінің нәтижелері қоса беріледі (қосымша).

Алдын ала іріктеуден өткен ғылыми жобалар мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамаға жіберілді.

Қосымша