«Жас ғалым» жобасы - қазақстандық ғылымның болашағы

«Жас ғалым» жобасы - қазақстандық ғылымның болашағы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қазақстандық ғалымдардың әлемдік ғылыми орталықтарда жыл сайын тағылымдамадан өтуі және "Жас ғалым" жобасы бойынша зерттеуге мың грант беру туралы тапсырмаларын орындаудың ең оңтайлы жолдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің кезекті "Ой талқылау" тақырыбына айналды. Бұл кездесудің мақсаты осы жобалар бойынша сарапшылар мен ғылыми қоғамдастықтың идеялары мен ұсыныстарын қалыптастыру болды.
ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрайымы Жанна Құрманғалиева бастаған ZOOM – платформасындағы бүгінгі талқылауға 300-ге жуық сарапшы, ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындары мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қосылды.
Ұлыбританиядағы докторанттар қауымдастығының жетекшісі Әлия Сембаева "Жас ғалым" жобасын іске асыру бойынша қауымдастықтың ұсыныстарын таныстырды, цифрлық платформаны, интерактивті есептілікті енгізудің маңыздылығына назар аудара отырып, бірлескен бағдарламалар мен ғылыми коллаборацияларды құру тұрғысынан стратегиялық серіктестіктің қолдаушы және ынталандырушы тетіктері мен мүмкіндіктері туралы айтты. Қауымдастық өкілдері менторлар, сарапшылар, консультанттар, сарапшылар мен тренингтерді әзірлеушілер ретінде "Жас ғалым" жобасының тең үйлестірушілері мен ілгерілетушілері болуға дайын.
"Young Researchers Alliance" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әсия Ермұхамбетова Қазақстанның отандық ғылымының өсу нүктесі халықаралық деңгейдегі жаңа зертханаларды ашу болуы тиіс екенін атап өтті, онда серпінді ғылыми зерттеулер жүргізілетін болады және ғалымдарды қолдаудың осындай бағдарламалары тиімділігін көрсеткен Қытай мен Канаданың тәжірибесін мысалға келтірді.
Интернеттегі пікірталас шамамен 3 сағатқа созылды және көптеген жас ғалымдар мен сарапшыларды жинады. Докторанттарды, постдокторанттарды және аға буын ғалымдарын тиісті тіл дайындығынан кейін тағылымдамаға жіберу ұсынылды. Тағылымдама мақсаттарының арасында жаңа зерттеу әдістері мен жабдықтарды игеру, Қазақстан үшін перспективалы жаңа зерттеу бағыттарын іздестіру және игеру, сондай-ақ Қазақстанда қолжетімді емес заманауи жабдықтарда эксперименттер жүргізу туралы айтылды. Тағылымдама аясында индустриямен және бизнеспен тиімді өзара іс-қимыл тәсілдерін игерудің, сондай-ақ олармен байланысты нығайтудың маңыздылығы атап өтілді. Тағылымдамаға үміткерлерді іріктеу кезінде тағылымдама жоспарының сапасы мен мультидисциплинарлығына, ол зертханада өтетін ғалымның деңгейіне, сондай-ақ оның қазақстандық ғылымды дамыту үшін маңыздылығына бағдарлану ұсынылды.
Ғылым комитетінің өкілдері болашақ отандық ғылым үшін маңызды жобаларды іске асыру жөніндегі барлық жұмыстар еліміздің барлық ғылыми қоғамдастығының кең қатысуымен жүргізілетінін ерекше атап өтті. Жақын арада талқылауға шығарылатын нақты рәсімдерді әзірлеу жоспарлануда.