2018-2020 жылдарға арналған гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі қорытынды есептерді қабылдау туралы хабарландыру

2018-2020 жылдарға арналған гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі қорытынды есептерді қабылдау туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті 2018-2020 жылдарға арналған гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі қорытынды есептерді қабылдау туралы хабарлайды. «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік есепке алу қағидаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 149 бұйрығының (өзг. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 262 бұйрығы) қағидасына сәйкес есептерді қабылдау жобалар мен бағдарламалардың ғылыми жетекшілерінің және ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыру арқылы автоматтандырылған ақпараттық жүйеде (http://is.ncste.kz) электрондық форматта жүзеге асырылады. ​ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 40-тармағына сәйкес орындаушылар уәкілетті органға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды есептерді ағымдағы есепті жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей ұсынады. ​Бұл ретте, Келісім-шарттың 5.2-тармағына сәйкес жұмыстарды көрсетілген мерзімде орындамаған жағдайда, Орындаушы бюджет кірісіне әрбір мерзімі өткен күнтізбелік күн үшін жобаның жалпы сомасынан 0,03% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейтініне назар аударуыңызды сұраймыз. ​Орындаушылар есептерді келесі талаптарға сәйкес дайындауы қажет: 1) Есептерді тапсырғанға дейін Орындаушылар ҚР «Ғылым туралы» Заңының 20-бабына сәйкес жүргізілетін ғылыми зерттеулердің нәтижелілігінің мониторингін жүзеге асыру үшін «ҰМҒТСО» АҚ-ның rating.nauka.kz сайтында орналастырылған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың тиімділігі туралы сауалнаманы толтыруы қажет (мемлекеттік тіркеуге ұсынар алдында); 2) Есептер ЖМСТ (ГОСТ) 7.32-2017 талаптарына сәйкес рәсімделуі тиіс (қосымша тіркелген). Есептер ұйымның іліспе хатымен қабылданады; 3) Есептерді тапсыру тілі: мемлекеттік немесе орыс тілі, сондай-ақ ағылшын тілі (міндетті); 4) Есептің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі көлемі (қосымшаларды есепке алмағанда): - гранттық қаржыландыру бойынша – 40 беттен артық емес; -бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша – 60 беттен артық болмауы тиіс; - есептің көрсетілген беттерінің көлемін есептеу «Кіріспе» бөлімінен бастап «Қорытынды» бөліміне дейін жүргізіледі.
5) Ағылшын тіліндегі есепте пайдаланылған дереккөздердің тізімі және жарияланған еңбектердің тізімі ағылшын тіліне аударылуы тиіс, жақшада жарияланымның түпнұсқаның тілі көрсетіледі; 6) Жоба шеңберінде мақалалар жарияланған халықаралық журналдар үшін Web of Science базасындағы квартиль және/немесе Scopus базасындағы процентиль жарияланым жылы үшін немесе есепті тапсыру сәтіндегі соңғылары көрсетілуге тиіс; 7) 2018-2020 жылдарға арналған Келісім-шарттарға сәйкес күнтізбелік жоспарлардың көшірмелері (ағылшын тіліндегі есепте күнтізбелік жоспарлардың көшірмелері мен WORD форматындағы ағылшын тіліндегі аудармасы қоса беріледі); 8) Есеп жобаны орындаудың барлық жылдарындағы зерттеулердің неғұрлым маңызды нәтижелерін қамтуы тиіс; 9) Қорытындыда алынған нәтижелерді қолданудың ықтимал тәсілдері және/немесе әзірлемелерді енгізу және коммерцияландыру жөніндегі ұсынымдар көрсетілуі тиіс; 10) Есепке жобаны іске асыру нәтижесінде дайындалған ғылыми-техникалық өнім (жаңа технологиялар, әдістемелер, бағдарламалық қамтамасыз етулер, техникалық құжаттамалар, проблемаларды шешуге арналған ұсынымдар, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық және тәжірибелік-өнеркәсіптік әзірлемелер, географиялық, геологиялық, сейсмикалық және басқа да карталар, жаңа материалдар, заттар, жабдықтар, препараттар, құралдар, емдеу хаттамалары және басқалар) немесе ол туралы фотосуреттері, сондай-ақ Интернет желісіндегі бейне және басқа да материалдарға сілтемелері бар ақпарат қоса берілуге тиіс. Сұрақтар бойынша «ҰМҒТСО» АҚ-ның Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз: тел. +7 (727) 378-05-32, +7 (727) 378-05-45, +7 (727) 378-05-20, +7 (727) 378-05-19.
Файл