Іс шараның мақсаты – әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында жыл сайын 500 қазақстандық ғалымның ғылыми тағылымдамадан өтуі және жас ғалымдардың ғылыми зерттеулеріне 1000 грант бөлу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын тиімді орындау бойынша ғылыми қоғамдастықпен өзара пікір алмасу.
Талқылауға ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындары мен ғылыми қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мен сарапшылары шақырылады.