
ҚР БҒМ Ғылым комитеті Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2020 жылдың 24 қыркүйек күні сағат 11.00-де Ұлық Ұлыстың (Алтын Орда) 750 жылдығына арналған «Алтын Ордадан Қазақ хандығына дейін: мемлекеттілік дәстүрлерінің сабақтастығы мәселелері» атты Республикалық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өткізеді.
Іс-шара онлайн-режимде Zoom платформасы негізінде өтеді (идентификатор: 853 6764 6875, пароль: 011588).
Конференция жұмысына белгілі отандық және шетелдік ғалымдар мен көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысады.
Конференция барысында кейінгі Отан және әлем тарихыныңорта ғасырлар кезеңіндегі «ақтаңдақтарды» қалпына келтіруде іргелі сипат алатын маңызды теориялық және практикалық мәселелер талқыланады.