Жыл сайынғы ғылым саласындағы сыйлығына ізденіс және мемлекеттік ғылыми стипендия конкурстарына материалдарды қабылдау жұмыстары жалғасып жатыр

Жыл сайынғы ғылым саласындағы сыйлығына ізденіс және мемлекеттік ғылыми стипендия конкурстарына материалдарды қабылдау жұмыстары жалғасып жатыр
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті жыл сайынғы ғылым саласындағы сыйлығына ізденіс және мемлекеттік ғылыми стипендияларға құжаттарды қабылдау жұмыстарын жалғастырып жатыр. 2020 жылы ғылым саласындағы атаулы сыйлықтар мен ғылыми стипендиялар келісі номинациялар бойынша беріледі:
– жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеу үшін Қ.И. Сәтбаев атындағы бір сыйлық (350 айлық есептiк көрсеткiш);
– гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Ш. Уәлиханов атындағы бір сыйлық (350 айлық есептiк көрсеткiш);
– педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеу мен жұмысы үшiн Ы. Алтынсарин атындағы бір сыйлық (350 айлық есептiк көрсеткiш);
– түркология саласындағы аса зор жетістіктер үшін Күлтегін атындағы бір сыйлық (300 айлық есептiк көрсеткiш);
– жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмыс үшін жас ғалымдарға арналған Д.А. Қонаев атындағы бір сыйлық (150 айлық есептiк көрсеткiш);
– гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмыс үшін жас ғалымдарға арналған М.О. Әуезов атындағы бір сыйлық (150 айлық есептiк көрсеткiш);
– 75 мемлекеттік ғылыми стипендия оның ішінде 50-і талантты жас ғалымдарға арналған (ай сайын 12 ай ішінде 24 айлық есептік көрсеткіш).
Комиссияның назарына Қазақстан Республикасының экономикасына, медицинасына, біліміне, әлеуметтік саласын және мәдениетін дамытуына елеулі үлес қосқан жұмыстар ұсынылады. Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2020 жылдың
1 қазанына дейін (қоса алғанда) қабылданады.
Конкурстық құжаттаманың шарттарымен ҚР БҒМ Ғылым комитетінің сайтында төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады:https://www.gov.kz/.../o-konkurse-na-soiskanie-ezhegodnyh...