Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Алтай ботаникалық бағы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

010000, Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 11-кіреберісте орналасқан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті                                 «Алтай ботаникалық бағы» (бұдан әрі – Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды (Кәсіпорынның мекен-жайы: ШҚО, Риддер қ., Ермаков көшесі, 1).

 

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері:

 

1)   ғылыми зерттеулер саласындағы қызметті жүзеге асыру;

2)   Шығыс Қазақстандағы әлемдік және отандық флораның өсімдіктерін интродукциялау мен жерсіндіру;

3)   Кәсіпорын қызметінің бейіні бойынша мемлекеттік ғылыми және басқа да қорлардан, халықаралық және шетелдік ұйымдардың қорларынан қаржылай қолдау тапқан мемлекеттік, өңірлік және салалық ғылыми бағдарламалар мен жобалардың шеңберінде ғылыми зерттеулер жүргізу;

4)  Кәсіпорын қызметінің бейіні бойынша заңдардың, нормативтік-құқықтық актілердің, ғылыми жобалардың, ғылыми-техникалық, технологиялық және экологиялық сараптамасына қатысу;

5)   өсімдіктерді (in situ және ex situ) қорғаудың және өсімдіктер ресурстарын басқарудың ғылыми негіздерін әзірлеу.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

 

  • Кәсіпорынның бейiнi бойынша жоғары бiлiмінің және тиісті саланың уәкілетті органы бекiткен бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн кәсiби даярлық деңгейiнің болуы;
  • мамандығы бойынша кәсiпорынның бейiнiне сәйкес басшы лауазымдарда кемiнде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.
  • Кәсіпорынның ғылыми бағыты бойынша ғылыми дәрежесінің болуы.

«Ғылым туралы», «Білім туралы», «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және осы кәсіпорынның қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі:

 

1) конкурсқа қатысу туралы өтiнiш;

2) мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде түйiндеме;

3) еркiн нысанда жазылған өмірбаян;

4) бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелері;

5) еңбек кiтапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшiрмесi не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшiрмелерi;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының                        2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзiнiң бiлiмiне, жұмыс өтіліне, кәсiби даярлық деңгейiне қатысты қосымша ақпаратты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

Барлық құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ тұлға конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келген кезде Комиссия құжаттар қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттар тапсырған тұлғаны конкурсқа қатысуға жiберу туралы шешiм қабылдайды. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі Комиссия хаттамасымен бекітіледі.

Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және күнтізбелік он күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.

Конкурсқа қатысу туралы өтініш және өтінішке қоса берілетін құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік     15 күн ішінде мына мекен-жайда қабылданады: 010000, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, Министрліктер үйі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті, 11 кіреберіс, 1038 бөлме және konkursnii2020@gmail.com электронды поштаға. Қосымша ақпарат  https://www.gov.kz/memleket/entities/sc/press/events/details/1805?lang=ru ҚР БҒМ Ғылым комитетінің сайтында.

Анықтама телефондары:

8(7172) 74-19-05; 74-20-25.

 

Дата публикации
21 апреля 2020
Дата обновления
21 апреля 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
26 декабря 2025
Киберқауіпсіздік: Бала қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болады?
26 декабря 2025
Балалар мен жасөспірімдерге арналған киберқауіпсіздік журналы «CYBERKRAFT»
Ақпарат
26 декабря 2025
Алаяқтар қол қусырып отырмайды. Кибергигиена - сенің қорғанысың

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы