Меню

Страницы

Статья

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Мемлекет тарихы институты» мемлекеттік мекемесі директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

010000, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 11-кіреберісте орналасқан ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Мемлекет тарихы институты» (бұдан әрі – Мекеме) мемлекеттік мекемесі директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды (Мекеменің мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 14-кіреберіс).

 

Мекеме қызметінің негізгі түрлері:

 

  • ғылыми зерттеулер саласындағы қызметті жүзеге асыру;
  • Қазақстан тарихының маңызды проблемаларына, тарихи ғылымның философиясы мен әдіснамасына, әлеуметтік-саяси тарихқа, тарихи мәдени мұраға зерттеулер жүргізу;
  • іргелі ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттарының жоспарын құруға катысу және іске асыру;
  • тарих саласында ғылыми қатынастарды дамыту.
  •  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

 

  • Мекеменің бейiнi бойынша жоғары бiлiмінің және тиісті саланың уәкілетті органы бекiткен бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн кәсiби даярлық деңгейiнің болуы;
  • мамандығы бойынша Мекеменің бейiнiне сәйкес басшы лауазымдарда кемiнде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.
  • Мекеменің ғылыми бағыты бойынша ғылыми дәрежесінің болуы.

 «Ғылым туралы», «Білім туралы», «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы»  Қазақстан Республикасының Заңдарын және осы кәсіпорынның қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі:

 

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

 4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;

6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынады.

 7) Cыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады.

Барлық құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ тұлға конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келген кезде Комиссия құжаттар қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттар тапсырған тұлғаны конкурсқа қатысуға жiберу туралы шешiм қабылдайды.

Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде  біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысушыларды кандидат ретінде бекіту туралы, әңгімелесу өтетін күн, уақыт және орын туралы хабардар етеді. Біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберуден бас тарту туралы хабардар етеді.

Конкурсқа қатысу туралы өтініш және өтінішке қоса берілетін құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік     15 күн ішінде мына мекен-жайда қабылданады: 010000, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, Министрліктер үйі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті, 11 кіреберіс, 1038 бөлме, konkursnii2020@gmail.com электронды поштаға. Қосымша ақпарат  https://www.gov.kz/memleket/entities/sc/press/events/details/1805?lang=ru ҚР БҒМ Ғылым комитетінің сайтында.  Анықтама телефондары:  8(7172) 74-19-05; 74-20-25.

Дата публикации
21 апреля 2020
Дата обновления
21 апреля 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
26 декабря 2025
Киберқауіпсіздік: Бала қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болады?
26 декабря 2025
Балалар мен жасөспірімдерге арналған киберқауіпсіздік журналы «CYBERKRAFT»
Ақпарат
26 декабря 2025
Алаяқтар қол қусырып отырмайды. Кибергигиена - сенің қорғанысың

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы