010000, Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 11-кіреберісте орналасқан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты» (бұдан әрі – Кәсіпорын) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды (Кәсіпорынның мекен-жайы: Алматы қаласы, Құрманғазы к-сі, 29).
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері:
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
«Ғылым туралы», «Білім туралы», «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және осы кәсіпорынның қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтiнiш;
2) мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде түйiндеме;
3) еркiн нысанда жазылған өмірбаян;
4) бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелері;
5) еңбек кiтапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшiрмесi не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшiрмелерi;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзiнiң бiлiмiне, жұмыс өтіліне, кәсiби даярлық деңгейiне қатысты қосымша ақпаратты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурсқа қатысу туралы өтініш және өтінішке қоса берілетін құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде мына мекен-жайда қабылданады: 010000, Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, Министрліктер үйі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті, 11 кіреберіс, 1038 бөлме, konkursnii2020@gmail.com электронды поштаға. Қосымша ақпарат https://www.gov.kz/memleket/entities/sc/press/events/details/1805?lang=ru
ҚР БҒМ Ғылым комитетінің сайтында.
Анықтама телефондары: 8(7172) 74-19-05; 74-24-60.