Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым қоры» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлары лауазымына конкурс

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті, мекенжайы: 010000, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 11-пәтер, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлары лауазымына конкурс жариялайды (Қоғамның мекенжайы: Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 41).

Қоғамның негізгі қызмет түрлері:

1. ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар шеңберінде орындалатын, мемлекеттік бюджеттен гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру тәртібімен қаржыландырылуға жататын ғылыми зерттеулерді қаржыландыру;

2. жаңа технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жасауға, сондай-ақ қолданыстағыларын жетілдіруге бағытталған қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, бастамашыл және тәуекелді қолданбалы әрі инновациялық зерттеулер бойынша жобалар мен бағдарламаларды (бұдан әрі – жобалар) Қоғамның Инвестициялық саясат туралы меморандумы шеңберінде өз бетінше және (немесе) өзге инвесторлармен бірлесіп қаржыландыру арқылы, оның ішінде гранттар беру жолымен қаржыландыру;

3. ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды енгізуге байланысты инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысу;

4. жобалардың тәуелсіз сараптамасын ұйымдастыру, өткізу және (немесе) қаржыландыру, жобалардың ғылыми-техникалық және коммерциялық орындылығын бағалау;

5. жобаларға қаржылық-экономикалық талдау жүргізу;

6. жобаларды венчурлік қаржыландыру тетіктері мен инфрақұрылымын қалыптастыруға қатысу;

7. ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын, оның ішінде мемлекеттік бюджеттен гранттық қаржыландыру тәртібімен қаржыландырылуға жататын жобаларды қаржыландыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Қоғамның директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлары (бұдан әрі – ДК) лауазымына конкурс келесі біліктілік талаптарына сәйкес келетін кандидаттарды іріктеу мақсатында өткізіледі:

- ұйым қызметінің бейініне сәйкес экономикалық қызмет түрі бойынша мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде жеке секторда, қаржылық есептілікті дайындау, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау саласында, ғылым саласында немесе ұйым бейініне сәйкес мамандық бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық салаларында жұмыс тәжірибесінің болуы, сондай-ақ кемінде 5 (бес) жыл басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілінің болуы;

- директорлар кеңесінің мүшесі ретінде кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

- Қоғам қызметіне тән негізгі мәселелер бойынша құзыреттерінің болуы;

- білуі тиіс:

– Қоғам қызметі саласын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын;

– ұлттық және халықаралық нарықтардағы сыртқы орта мен бәсекелестік ахуалды;

– Қоғамның директорлар кеңесінің тиісті комитетіне мүшелік ету барысында сараптамалық пікір білдіру үшін бизнес-жоспарлау, ішкі бақылау және аудит, стратегия, адами ресурстарды басқару салаларының негіздері мен ерекшеліктерін;

- тәуелсіз директордың функционалдық міндеттерімен, директорлар кеңесі комитеттеріне мүшелікпен байланысты белгілі бір салаларда арнайы дағдыларының, жеткілікті деңгейде дамыған коммуникациялық қабілеттерінің болуы, жұмыста ашықтық, объективтілік, сындарлылық және кәсібилік қағидаттарын басшылыққа алуы;

- іскерлік және (немесе) салалық ортада мінсіз беделінің болуы, жоғары этикалық нормаларды сақтауы. Кандидаттың өмірбаянында экономикалық қызмет саласында құқыққа қайшы әрекеттер жасау, сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне, коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар жасау, кәсіпкерлік қызмет саласындағы құқық бұзушылықтар және (немесе) этикалық нормалар мен Тәртіпті бұзуға әкеп соққан әрекеттер, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орындарынан теріс себептермен босатылу фактілерінің болмауы;

- талдамалық және коммуникациялық дағдыларының, командада жұмыс істеу, сендіру және ықпал ету қабілеттерінің болуы, заңдылық, әділдік және барлық мүдделі тараптарға тең көзқарас қағидаттары негізінде мәселе бойынша ұстаным қалыптастыра білуі, көпшілік пікірінен өзгеше болса да өз көзқарасын білдіре алуы, жағдайды өз мамандануы немесе тәжірибесі шеңберімен шектелмей объективті бағалай алуы;

- басқа компаниялардың 4 (төрт) директорлар кеңесінен артық құрамында мүшелігінің болмауы.

Конкурсқа қатысуға мынадай тұлғалар жіберілмейді:

1. заңнамада белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

2. мәжбүрлеп тарату, акцияларды мәжбүрлеп сатып алу, консервациялау немесе белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейінгі бір жылдан аспайтын кезеңде басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесінің төрағасы, бірінші басшысы (басқарма төрағасы), басшысының орынбасары, бас бухгалтері болған. Бұл талап мәжбүрлеп тарату, акцияларды мәжбүрлеп сатып алу, консервациялау немесе банкрот деп тану туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жыл бойы қолданылады;

3. меншікке қарсы, экономикалық қызмет саласындағы немесе коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар жасағаны үшін сотпен кінәлі деп танылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған тұлғалар. Бұл талап соттылығы өтелген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынған күннен бастап не қылмыстық жауаптылықтан босатылған күннен бастап 5 (бес) жыл ішінде қолданылады;

4. жоғары білімі жоқ;

5. заңнамаға сәйкес ДК мүшесінің міндеттерін орындауға кедергі келтіретін өзге де қасиеттері бар.

Конкурсқа қатысуға үміткерлерден құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап айқындалады. Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні өткен соң аяқталады.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде 2025 жылғы 30 сәуірдегі №48-нж «Ғылым қоры» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» бұйрықпен бекітілген сайлау тәртібіне сәйкес конкурсқа қатысу туралы өтінішті электрондық нысанда ұсынады.

Комиссия жүргізген бағалау нәтижелері бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келетін қатысушылар әңгімелесуге шақырылады, онда өткізу күні, уақыты және орны көрсетіледі.

Қажет болған жағдайда әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Комиссия әңгімелесу барысында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу деңгейін тексереді.

 

Анықтама телефоны:

8(7172) 74-16-59

Электронды пошта: zh.utelbayeva@sci.gov.kz

Дата публикации
12 марта 2026