Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларына конкурс

010000, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 11-кіреберісте орналасқан Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларына конкурс жариялайды (Қоғамның мекенжайы: Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 221).

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері:

1) Қазақстан Республикасының зерттеулерінің бəсекеге қабілеттілігін күшейту, оларды ұлттық, экологиялық, технологиялық жəне қоғамдық қауіпсіздік жəне экономикалық орындылық мүдделерінде пайдалану мақсатында ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті сараптамалық қамтамасыз ету;

2) елде Қазақстан Республикасының ғылыми, білім беру, өндіріс, қызмет көрсету жəне ғылыми-техникалық дамуын басқару мамандарының хабардар болуының жоғары деңгейіне қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасының ғылыми, ғылыми-техникалық дамуын ақпараттық қамтамасыз ету;

3) ғылыми жəне білім беру процесін аналитикалық қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Қоғамның Директорлар кеңесінің (бұдан әрі – ДК) тәуелсіз директорларына конкурстық іріктеу мынадай талаптардың біріне жауап беретін кандидаттарды іздеу мақсатында жүргізіледі:

1) ұйымның тиісті бейінінде экономикалық қызмет түріндегі мамандық бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде жеке секторда, қаржылық есептілікті дайындау, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау саласында, компанияларда жұмыс өтілінің, ғылым саласында немесе ұйымның тиісті саласындағы мамандық бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық салаларында жұмыс тәжірибесінің, және басшы лауазымдарда кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

2) Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі;

3) кандидаттың Қоғам қызметіне тән түйінді мәселелер бойынша құзыреттерінің болуы;

4) білімі:

- Қазақстан Республикасының Қоғам қызметі саласын реттеу бөлігіндегі заңнамасы;

- сыртқы орта, ұлттық және халықаралық нарықтардағы бәсекелестік орта;

- Қоғамның Директорлар кеңесінің тиісті комитетіне мүше болған кезде сараптамалық пікірді қамтамасыз ету үшін бизнес-жоспарлау, ішкі бақылау және аудит, стратегия, адам ресурстарын басқару саласындағы негіздер мен ерекшеліктер;

5) тәуелсіз директордың функционалдық міндеттеріне, Директорлар кеңесі комитеттеріне мүшелікке байланысты белгілі бір салаларда арнайы дағдыларға, жеткілікті дамыған коммуникативтік дағдыларға ие болуы, жұмыста ашықтық, объективтілік, конструктивтілік және кәсібилік қағидаттарына негізделуі;

6) кандидаттың іскерлік және / немесе салалық ортада мінсіз беделінің болуы, жоғары этикалық нормалардың сақталуы. Кандидаттың өмірбаянында Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар, кәсіпкерлік қызметтегі құқық бұзушылықтар және/немесе әдеп нормалары мен тәртібін бұзуға әкеп соққан әрекеттер, сондай-ақ теріс әрекеттер бойынша алдыңғы жұмыс орындарынан жұмыстан босату фактілерінің болмауы;

7) кандидат талдамалық және коммуникативтік дағдыларға, командалық өзара іс-қимыл, сендіру және ықпал ету дағдыларына, заңдылық, әділеттілік және барлық мүдделі тараптарға тең көзқарас қағидаттары негізінде мәселе бойынша позицияны әзірлеу қабілетіне ие болуы, көпшілік пікірінен өзгеше болса да, өз пікірін білдіруі, өзінің мамандануы немесе тәжірибесі шеңберімен шектелмей, жағдайды объективті бағалауы;

8) кандидаттың басқа компаниялардың 4 (төрт) директорлар кеңесіне мүшелігінің болмауы назарға алынады.

Конкурсқа қатысуға мынадай адамдар қабылданбайды:

3. Қоғамның ДК-не:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

2) бұрын оны мәжбүрлеп тарату, акцияларды мәжбүрлеп сатып алу, консервациялау немесе белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейінгі бір жылдан аспайтын кезеңде басқа заңды тұлғаның ДК төрағасы, бірінші басшысы (Басқарма төрағасы), басшысының орынбасары, бас бухгалтері болып табылған. Көрсетілген талап белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тарату, акцияларды мәжбүрлеп сатып алу, консервациялау немесе банкрот деп тану туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл ішінде қолданылады;

3) сот меншікке, экономикалық қызмет саласында немесе коммерциялық немесе өзге де ұйымдарда қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп таныған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтар немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған. Көрсетілген талап заңда белгіленген тәртіппен өтелген не алынған, сотталғандығы не қылмыстық жауаптылықтан босатылған күннен бастап 5 (бес) жыл ішінде де қолданылады;

4) жоғары білімі жоқ;

5) заңнамаға сәйкес ДК мүшесінің міндеттерін орындауға кедергі келтіретін өзге де қасиеттерге ие тұлға тәуелсіз директор болып сайланбайды.

Конкурсқа қатысуға үміткер адамдардан құжаттар қабылдау басталатын күн тізілімнің конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 (он) жұмыс күні өткен соң аяқталады.

Конкурсқа қатысуға үміткер адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамының корпоративтік басқарудың кейбір мәселелері туралы» 2025 жылғы 25 сәуірдегі №12-нж бұйрығымен бекітіліген сайлау ережесіне сәйкес конкурсқа қатысу туралы өтінішті қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемемен қоса электрондық нысанда ұсынады.

Комиссия жүргізген бағалау нәтижелері бойынша қойылатын талаптарға сәйкес қатысушылар әңгімелесуге оның өткізілетін күні, уақыты және орны көрсетіле отырып шақырылады.

Әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізіледі.

Комиссия конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізу кезінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуін тексереді.

 

Анықтама телефоны:

8(7172) 74-16-59

Электронды пошта: zh.utelbayeva@sci.gov.kz

Дата публикации
10 марта 2026