2026-2028 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсы туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті 2025 жылдың 28 қазанда 2026-2028 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсына өтінім қабылдаудың аяқталғанын хабарлайды.

Барлығы 536 конкурстық өтінім ұсынылды. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы жүргізген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 қарашасындағы №517 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша 209 өтінім талаптарға сәйкес келмейді деп танылды.

Әрбір өтінім бойынша Қағидалар мен конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін тексеру кезеңінің нәтижелері қоса беріледі.

Дата публикации
13 января 2026