2026 жылға арналған ұлттық жазылымды ресімдеу үшін реферативтік және толық мәтінді халықаралық дерекқорларының Коммерциялық ұсыныстарын жинақтау басталғаны туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті 2026 жылға арналған ұлттық жазылымды ресімдеу үшін реферативтік және толық мәтінді халықаралық дерекқорларының Коммерциялық ұсыныстарын жинақтау басталғанын хабарлайды.

Ұсынылатын қызметтер ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің сайтында орналасқан халықаралық деректер қорын іріктеу бойынша техникалық ерекшеліктерге сәйкес болуы тиіс. Ұсыныстарды дайындау бойынша кеңестерді келесі телефон арқылы ала аласыз: 
8 (7172) 74-24-83.

Ұсыныстарды қабылдау мерзімі 2025 жылғы 12 мен 26 желтоқсан аралығында Астана уақытымен сағ. 12.00-ге дейін жүргізіледі.

Барлық Ұсыныстар электронды түрде (PDF және Word–түрлерінде) орыс және/немесе қазақ тілдерінде: g.esenbekova@sci.gov.kz электронды мекен-жайына қағаз және электронды тасымалдаушылары (дискі/ USB флешка-сақтау құрылғысында) түрінде Ғылым комитетіне (жапсырылған конвертте) Астана қ., 010000, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 11-кіреберіс, Министрліктер үйі мекенжайына жіберілуі тиіс.

Осы хабарлама қоғамдық оферта болып табылмайды.

1-қосымша: Реферативтік халықаралық деректер базасын қамтамасыз ету жөніндегі шартқа техникалық ерекшелік.

2-қосымша: Толықмәтінді халықаралық деректер базасын қамтамасыз ету жөніндегі шартқа техникалық ерекшелік.

Дата публикации
12 декабря 2025