Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсына өтінім қабылдаудың аяқталғанын хабарлайды.
Барлығы 2244 конкурстық өтінім ұсынылды. 1 өтінімді өтінім беруші ресми хат жіберу арқылы кері қайтарып алды. Конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша 2053 өтінім пысықтау кезеңіне жіберілді. Пысықтау кезеңінен 172 (7,6%) (қосымша 1) өтінім қайтып келмеді. Қайта пысықталған 755 (33,6%) (қосымша 2) өтінім конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп танылды және өтініш берушілерге қайтарылады.