2025-2027 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурсы туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті 2024 жылдың 7 қазанында 2025-2027 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурсына өтінім қабылдаудың аяқталғанын хабарлайды.

Барлығы 718 конкурстық өтінім ұсынылды. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы жүргізген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 489 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша 243 өтінім талаптарға сәйкес келмейді деп танылды.

Әрбір өтінім бойынша Қағидалар мен конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін тексеру кезеңінің нәтижелері қоса беріледі .

Қосымша

Дата публикации
19 декабря 2024