2024-2026 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсы туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті 2024 жылдың 24 қазанында 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсына өтінім қабылдаудың аяқталғанын хабарлайды.

Барлығы 71 конкурстық өтінім ұсынылды. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы жүргізген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 489 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша 22 өтінім талаптарға сәйкес келмейді деп танылды.

Әрбір өтінім бойынша Қағидалар мен конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін тексеру кезеңінің нәтижелері қоса беріледі (қосымша).

Қосымша

Дата публикации
15 ноября 2024