2024-2026 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсы туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті 2024 жылдың 06 маусымында 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсына өтінім қабылдаудың аяқталғанын хабарлайды.

Барлығы 331 конкурстық өтінім ұсынылды. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы жүргізген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі №489 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша 28 өтінім пысықтау кезеңінен қайта тапсырылмаған, ал пысықталған 53 (16%) өтінім талаптарға сәйкес келмейді деп танылды.

Әрбір өтінім бойынша Қағидалар мен конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін тексеру кезеңінің нәтижелері қоса беріледі (қосымша). 250 өтінім мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамаға жіберілді.

 Қосымша

Дата публикации
24 июля 2024