Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті 2021 жылдың 24 желтоқсанында 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру конкурсына өтінімдер қабылдаудың аяқталғанын хабарлайды.
Барлығы 782 конкурстық өтінім ұсынылды. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы жүргізген конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін формалды тексеру нәтижелері бойынша қайта пысықталған 162 өтінім конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп танылды және өтініш берушілерге қайтарылады.
Формалды тексеру кезеңінің нәтижелері әрбір өтінім бойынша қоса беріледі (қосымша).
620 өтінім мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамаға жіберілді.