2021-2023 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсы туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті 2021 жылдың 28 қазанында 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсына өтінімдер қабылдаудың аяқталғанын хабарлайды.

Барлығы 834 конкурстық өтінім ұсынылды. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы жүргізген конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін формальды тексеру нәтижелері бойынша 154 өтінім конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп танылды.

3 өтінім өтініш берушінің бастамасы бойынша қайтарылды. Формальды тексеру кезеңінің нәтижелері әрбір өтінім бөлігінде қоса беріледі (қосымша).

677 өтінім мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамаға жіберілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасынның 16-тармағына сәйкес ұйымдастырушыға және сарапшыға тапсырыс берушінің, өтінім берушінің және өзге де адамдардың қысым не өзге де ықпал көрсетуіне жол берілмейді.

приложение
Дата публикации
15 февраля 2021