Құрметті гранттық қаржыландыру бойынша ғылыми жобаларды орындаушылар!
Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына енгізілген өзгерістерге байланысты (ҚР Қаржы министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 1207 бұйрығы) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті 2020-2022 жылдарға арналған жас ғалымдар үшін және іске асыру мерзімдері 12 және 27 айды құрайтын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыруға арналған конкурстар бойынша жасалған шарттарға қосымша келісім жасау қажеттігі туралы хабарлайды (нысан қоса беріледі).
Қосымша келісімдерді 2021 жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде екі данада ұсынуды сұраймыз!