Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне бағынысты «Математика және математикалық модельдеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшысының бос лауазымына үміткерлерді іріктеу бойынша конкурстың қорытындысы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне бағынысты «Математика және математикалық модельдеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшысының бос лауазымына үміткерлерді іріктеу бойынша конкурстық комиссия жұмысының қорытындысына сәйкес Ғылым комитеті төрағасының міндетін атқарушының бұйрығымен «Математика және математикалық модельдеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшысының бос лауазымына физика-математика ғылымдарының кандидаты, М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан университетінің академиялық мәселелер бойынша проректоры Ернар Иманғалиұлы Иманғалиев тағайындалды.

Дата публикации
07 июля 2026