Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне бағынысты «Зоология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшысының бос лауазымына үміткерлерді іріктеу бойынша конкурстық комиссия жұмысының қорытындысына сәйкес Ғылым комитеті төрағасының міндетін атқарушының бұйрығымен «Зоология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшысының бос лауазымына «Биология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD), ҚР ҒЖБМ ҒК «Зоология институты» ШЖҚ РМК-ның Арахнология және басқа омыртқасыздар зертханасының меңгерушісі Айдын Бауржанұлы Есжанов тағайындалды.