ИнЕУ мен ҚХР білім ұйымдары ынтымақтастығын нығайтты

ИнЕУ мен ҚХР білім ұйымдары ынтымақтастығын нығайтты

ИнЕУ мен ҚХР білім ұйымдары ынтымақтастығын нығайтты

Құрамына Инновациялық Еуразия университеті мен ИнЕУ Жоғары колледжі кіретін ИнЕУ Консорциумы Қытайдың жетекші білім беру мекемелерімен халықаралық ынтымақтастықты нығайтып жатыр.

Инновациялық Еуразия университетінің қабырғасында Қытай Халық Республикасының екі беделді білім беру ұйымы – Ухань кәсіптік-техникалық институты және Шаньдун көлік колледжімен ынтымақтастық туралы меморандумға салтанатты түрде қол қойылды. Бұл маңызды қадам Қазақстан мен Қытай арасындағы академиялық өзара іс-қимыл, ғылыми алмасу және мәдени диалог үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Тараптар бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы, халықаралық конференциялар, семинарлар мен ғылыми зерттеулерді өткізу сияқты кең ауқымды бастамаларды жүзеге асыру туралы келісімге келді.

Меморандумға қол қою – екіжақты қарым-қатынастардың нығаюының көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар жоғары және кәсіби білім беру жүйесін дамытуға қосылған нақты үлес. Университеттерді инновацияларға ұмтылыс, сапалы білім беру және жаһандық нарық жағдайында табысты бейімделе алатын жоғары білікті мамандарды даярлау мақсаты біріктіреді.

Инновациялық Еуразия университеті халықаралық ынтымақтастықты табысты дамытуды жалғастырып, диалогқа, тәжірибе алмасуға және білім беру үдерісіне озық тәжірибелерді енгізуге берік платформа қалыптастыруда. Қытайлық серіктестермен жасалған келісім – жаһандық білім беру кеңістігіне ықпалдасу мен елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтудың тағы бір қадамы.