
Балқаштағы «Қазақмыс Прогресс» кәсіпорнында алғаш рет СТ-1 маркалы техникалық селен вакуумдық дистилляция әдісімен өндірілді. Satbayev University Металлургия және кен байыту институты әзірлеген технология селеннің қосылған құнын 30%-дан 97%-ға дейін арттырды.
100 тонналық алғашқы партиядағы селен мөлшері 99,5%-ды құрайды.
Бүгінгі күні селен күн батареяларын, көшіру аппараттарын, шыны, керамика өндірісінде, сондай-ақ медицина мен химия өнеркәсібінде қолданылады.
Satbayev University Металлургия және кен байыту институты сирек металдарды зерттеуде жұмысын жалғастыруда. Оңтүстік Кореяның ғылыми институттарымен инвестиция тарту арқылы бірлескен ғылыми орталық құру туралы келісімге қол жеткізілді.