Варшава, 2025 жылғы 25 ақпан – Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің Еуропалық тізілімінің (EQAR) отырысында Қазақстан Республикасы Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығының өкілі Айтжан Мұратқызы Құлымжанова тәуелсіз бақылаушы болып сайланды.
Бұл айтулы оқиға халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға деген жоғары қызығушылығын растайды және жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету саласындағы ұлттық сарапшыларға деген сенімді нығайтады. EQAR-ға қазақстандық өкілдің қосылуы халықаралық ынтымақтастықтың, академиялық ұтқырлықтың және білім беру стандарттарын одан әрі жетілдірудің жаңа перспективаларын ашады.