Францияның Лион қаласында WorldSkills Lyon 2024 халықаралық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. WorldSkills International 25 жасқа дейінгі жас мамандар арасындағы кәсіби шеберлікті дамытуға арналған ең ірі жарыс. Чемпионаттың басты мақсаты – жұмысшы мамандықтарды кеңінен насихаттау және жастарды технология, инженерия, құрылыс және IT сияқты салаларға тарту.
Биыл WorldSkills Lyon 2024 көрмесіне 69 елден 1500-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында елімізден 30 құзырет бойынша барған 32 қатысушы мен 30 халықаралық сарапшы да болды. Бәсі биік бәсекеде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Информатика және ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Руслан Юсупов үздіктер қатарынан көрінді.
Руслан Юсупов «Веб-технологиялар» аталымыбойынша Венгрия, Корея және Сингапурдан келген қатысушыларға ғана есе жіберіп, төртінші орынға табан тіреді.